Оңтүстік елордамыздың Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті хабарлағандай, Наурызбай ауданы «Қалқаман-2» шағын ауданында Молдабеков 78 мекенжай бойынша шаруашылық нысандарынан өрт шыққан. Содан соң екі қабатты үйдің шатыры да өртке оранады.
Алғашқы өрт сөндіру жасағы оқиға орнына 13.07-де келіп жеткен. Кейінірек анықталғандай, ауладағы монша, дүкеннен өрт шығып, жұмыс істемейтін өндірістік цехтың екінші қабаты мен шатырын шарпыған. Салдарынан трансформаторлық подстанцияға зақым келді.
Өрт сөндірушілер өртті 14.02-де ауыздықтады. Өрт аумағы 200 шаршы метрді алып жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.