Алматыда жеке инвестиция 1,4 трлн теңгеге жетті

14 желтоқсан 2023, 18:42

Президент бүгін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады. 
Aqorda.resmi Телеграм-каналы хабарлағандай, Мемлекет басшысына Алматының биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Ерболат Досаев осы кезең ішінде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 13 пайызға артқаны туралы баяндады.
Мемлекеттік бюджет түсімдері 4,9 трлн теңгеге жетіп, өсім көрсеткіші 34,5 пайызды құрады.
Қараша айында жылдық инфляция 10,5 пайызға дейін бәсеңдеді.

Жыл қорытындысы бойынша еліміздегі ең ірі қала экономикасының өсімі 6,5 пайыз деңгейінде болады деген болжам жасалып отыр (2022 ж. – 5,0%).

Негізгі капиталға құйылған инвестицияның жалпы көлемі 20 пайызға ұлғайды.  Мәселен, жеке инвестиция 30,3 пайызға артып, 1,4 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері қала экономикасына барлығы 1,53 триллион теңге салынған. Алматыда қоғамдық көлікті дамыту және экологиялық талаптарға сәйкестендіру үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Биыл қаланың автобус паркі экологиялық таза 1150 жаңа автобуспен толыққан. Оның 550-ін жеке тасымалдаушылар сатып алған.
Соңғы 11 жылда алғаш рет троллейбус паркі де жаңартыла бастады. Бүгінде 100 троллейбус сатып алынған, қосымша тағы 100-ін сатып алынады. Сөйтіп келесі жылы троллейбус паркі толығымен жаңарады.
Жол-көлік инфрақұрылымының дамуы бойынша берілген ақпаратта қаланың 70 көшесіне 25 шақырым жаңа жол салынған және 200 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгені айтылды.

Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуда денсаулық сақтау саласында медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) жаңа бірыңғай стандарты белсенді түрде енгізіліп жатыр.
Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 37,1 мың орындық 22 мектептің құрылысы мен жобалау жұмыстары басталды.
Жыл басынан бері 36,7 мың азамат, соның ішінде NEET санатындағы жастар жұмысқа орналастырылғаны жөнінде айтты.  Қажетті мамандықтарды оқытудың қысқа мерзімді курстары және Jobfair365 бос жұмыс орындарының цифрлық платформасы іске қосылған; жастар үшін 8 комьюнити-орталығы ашылған.

Президенттің қаланы көгалдандыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы ерекше бақылауда.
Атап айтқанда, жыл басынан бері 276 мың түп көшет отырғызылған. Жыл соңына дейін олардың саны 320 мыңға жеткізілмек.
Алматыдағы саябақ аумағы 397 гектарға ұлғайған.
Мемлекет басшысы мегаполис экономикасын одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ әкімге қоғамдық көлікті экологиялық талаптарға сәйкестендіру және Алматының көлік қатынастары жүйесін дамыту міндетін жүктеді.
JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу