Алматыда автобус жантүршігерлік жол апатына ұшырады.
Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек жол апатының Достық даңғылының бойында болғанын айтты. «№12 автобус Достық даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқанда алдынан Mercedes маркалы көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, жол апаты болды. Салдарынан Mercedes тізгінінде отырған қыз зардап шекті», — деді Салтанат Әзірбек. Полициядағылар оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметіндегілердің барғанын айтты.