Алматыда алдымен жиһаз құрастыратын цех өртеніп, артынша қызыл жалын тура жанармай бекетінің жанында орналасқан жеке үйге қарай жалғасқан.
Ержанов көшесіндегі өрт оқиғасы туралы хабар сағат 16:03-те келіп түскен.
“Өрт сөндірушілер оқиға орынына 16:10-да жетті. Мамандар келген кезде алаулан жанып жатқан өрт қысқа уақыт ішінде, сағат 16:49-да сөндірілді”, – деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрттің жалпы аумағы 200 шаршы метрді құраған. Мамандардың хабарлауынша, оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
Ескерту! Бейнежазбада бейәдеп сөздер кездеседі!