jasqazaq.kz

Алматыда жалған сот жұмыс істеген

03 желтоқсан 2019, 14:45

Алматыда жалған сот жұмыс істеп келген. Қала прокуратурасы заңсыз соттың қызметін тоқтатты. Бұл туралы тілшісі бақылау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады. «Алматыда азаматша А. «Әділет «халықаралық төрелік соты» толық серіктестігін құрып, сот төрелігін заңсыз жүзеге асырған. Ол билік өкілі статусын өз еркімен алып, Қазақстан Республикасының атынан әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша шешім шығарып отырған (фирмалық бланкісінде мемлекеттік елтаңбаны және басқа да деректемелерді қолданған). Осылайша жалған сот заңсыз сот актілерімен азаматтарды жүргізуші құқығынан айырып, соманы өндіріп алып, тергеу изоляторынан адамдарды босатуға тырысқан», — делінген хабарламада. Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының арызы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Әділет «халықаралық төрелік соты» серіктестігінің қызметін тоқтатты. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 390-бабымен («билік өкілі атағын өз еркімен беру») сотқа дейінгі тергеу басталды. «ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесіне бюайланысты жариялануға жатпайды», — деп атап өтті Алматы прокуратурасындағылар.

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті