Алматыда жаңбырдан кейін арықтан адам мәйіті табылды.
Оқиғаны видеоға түсірген куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында болған. «Қыз бала арыққа құлады. (…) Осы жерде адамдар тоқтап, көмектесуге кірісті. Мен кинодан шықтым, қарасам мұнда айғай-шу болып жатыр екен. Арыққа су кірмеуі үшін бітеп жатыр, Қызды шығарып алмақшы», — дейді куәгер. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл мәліметті растады. «Алматыда 07.06 күні сағат 04:30-да Медеу ауданындағы әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысында «Самал-2» ықшамауданында ТЖД қызметкерлері (13 адам және 2 арнайы техника), «Алматы құтқару қызметі-109» (төрт адам және бір арнайы техника) арық жүйесінен 1994 жылғы қыздың мәйітін алып шықты, — деп хабарлады Иманқұлов.