jasqazaq.kz

Алматыда жаңбыр кезінде асфальт төсегендер өз әрекетін түсіндірді (видео)

12 тамыз 2017, 18:19

Мердігер кеше, 11 тамызда Алматының Шевченко көшесінде не себепті жауын кезінде асфальт төсегенін түсіндірді.

Алматы тұрғыны жұмысшылардың Шевченко көшесінің Клочков көшесімен қиылысында жаңбыр кезінде асфальт төсегенін видеоға түсіріп алған. «Машина асфальт зауытында жүк тиеді, жаңбыр жауып тұрса да біз асфальтті зауытқа қайта өткізе алмаймыз», — дейді «Гордорстрой» бас инженері Сергей Шевчук. — біз асфальтті төсеп қойғанбыз, енді оны қайтадан алуымыз қажет. Себебі егер асфальт машинада қалып қойса, ол қатып қалып, шығара алмай қаламыз. Бірнеше сағаттан кейін фреза барып, біз кеше жаңбыр кезінде төсеген асфальтті қайта алып тастады. Кеше кешкі уақыт болды, ал өндірістік қалдықты 5-ке дейін ғана қабылдайды. Оны ешқайда қоя алмайсың, сондықтан асфальтті нысанға төсеуге тура келді, себебі машинаны босату керек. 15 тонна асфальт кузовта қалып қойса, ол қатады, сосын кузовымен бірге тастау қажет болады, себебі оның ешқалай шығара алмайсыз, кузовқа жабысып қалады. Төсегенімізді алып тастаймыз да, қалдық тастайтын орынға апарамыз. 11 тамызда Алматыда жаңбыр жауды. Салдарынан Алматы көшелері су астында қалды.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда