jasqazaq.kz

Алматыда зейнетақы активтерін басқару мәселелері талқыланды

13 наурыз, 15:58

Алматыда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» ұйымдастырған Қаржы журналистикасы мектебінің кезекті семинары өтті. Іс-шараға қаржы саласының сарапшылары мен журналистер қатысты. Кездесуде зейнетақы активтерін басқару қағидаттары, инвестициялық портфельді әртараптандыру және салымшыларға арналған жаңа цифрлық мүмкіндіктер таныстырылды.

Жиын барысында «БЖЗҚ» АҚ инвестициялық портфельді талдау басқармасының бастығы Ләззат Әмірғалиева зейнетақы активтерін кім және қалай басқаратыны, салымшылардың жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға аудару мүмкіндігі және ИПБ таңдауға арналған жаңа портал туралы баяндады.

Ал ҚР Ұлттық банкі монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Нұрғазин зейнетақы активтерін басқаруда портфельді әртараптандырудың маңызына тоқталды.

«Қазір біз валюталық портфельді әртараптандыруға басымдық беріп отырмыз. Оның үлесі 40 пайызға дейін ұлғайтылды. Валюталық портфельдің ішінде тәуекелді азайтып, табысты арттыру үшін әртүрлі қаржы құралдары пайдаланылады. Соңғы өзгерістерге сәйкес портфельдегі акциялардың үлесі 25 пайыздан 30 пайызға дейін көбейді. Жалпы, зейнетақы активтері – ұзақ мерзімді инвестиция, сондықтан олардың тиімділігін қысқа емес, ұзақ мерзімде бағалау маңызды», – деді Нұржан Нұрғазин.


Сондай-ақ Нұржан Нұрғазин зейнетақы активтерінің табыстылығын қысқа мерзімде емес, ұзақ мерзімде бағалау маңызды екенін атап өтті. «Зейнетақы активтері – ұзақ мерзімді инвестициялар. Қаржы нарығында құбылмалылық болуы мүмкін, сондықтан салымшылар табыстылықты ұзақ уақыт аралығында қарағаны дұрыс», – деді ол.
Оның мәліметінше, 2014 жылдан бері жинақталған зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляция деңгейінен жоғары болып отыр. Сонымен қатар, салымшылар зейнетақы активтерінің кірістілігін арнайы invest.enpf.kz порталында онлайн режимде салыстырып көре алады.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
Бүгін, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
Бүгін, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
Бүгін, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка
10 маусым, 14:04
В Туркестане стартовал «Летний книжный Fest»
10 маусым, 12:41
В Кентау расширяется сфера применения казахского языка
10 маусым, 10:04
Еуразиядағы жаңа әуехаб
09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем