jasqazaq.kz

Алматыдағы адамшошырлық жол апаты: Көз жұмған адам жол жөндеуші болып шықты (видео)

02 тамыз 2017, 15:47

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан қаза тапқан ер адам «Алматы тазалық» компаниясында жол жөндеуші болып жұмыс істеген. Бұл туралы коммуналдық кәсіпорынның Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында айтылады.

«1969 жылғы ер адам «Алматы тазалық» коммуналдық кәсіпорнында 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап жол жөндеуші болып жұмыс істеген. Әл-Фараби даңғылында Сейфуллин даңғылынан бастап Попов көшесіне дейін тазалық жұмыстарын жүргізген. Күндізгі уақытта жұмыс істеген. Қайғылы оқиға болған кезде ол жұмыс істеп жүрмеген, оның жұмыс уақыты сағат 17.00-де аяқталған. Қызметі барысында оның үстінен ешқандай шағым түспеген», — делінген компанияның жауабында. Сондай-ақ, «Алматы тазалық» өкілдері арнайы киімдерге талап қойылғандықтан, жұмысшылардың сигналды киімдері бар екенін айтып өтті. Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 30 шілдеде түнгі сағат 02.20-да әл-Фараби даңғылында болды. 1998 жылғы жігіт Mercedes S-класс көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен еді. Салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Patrul.kz мәліметінше, жүргізуші сол кезде оқиға орнынан жасырынған. Бірақ біраз уақыттан кейін ол ұсталды. Айта кетейік, қаза болған ер адамның артында екі баласы мен әйелі қалды. Ағасының айтуынша, жүргізушінің туыстары оның отбасынан кешірім сұрады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда