Алматыда ішкі істер министрлігі аса қауіпті қылмыскерлер басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірді. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына 20 адам кірген: нотариустар, бұрынғы полиция қызметкерлері және басқа да адамдар. Қылмыскерлер қарт кісілердің пәтерін заңсыз рәсімдеп және сатып жіберу арқылы, оларды өлтіріп келген.
Тергеушілер қазірдің өзінде қожайындары із-түссіз жоғалып кеткен 4 пәтердің сатылым дерегін анықтаған. Жалпы есепте қылмыстық топ бас-аяғы 45 қылмыс жасады деп болжануда.
Топтың барлық мүшесі қазір қамауда отыр.