jasqazaq.kz

Алматыда тағы да тасқын болып, жұрт белуардан су кешуі мүмкін

23 тамыз 2017, 10:27

Өйткені таулы аймақтағы 17 көлдің жағдайы тым қауіпті дейді құтқарушылар. Тіпті, оның бесеуіндегі су деңгейі шамадан тыс көп. Сондықтан, айтпай келетін апаттың Алматыны тағы әбігерге салмасына кепілдік жоқ. Оның үстіне біздің мамандар табиғат апатын алдын ала болжай алмайды. Әрі олардың жұмысына кедергі болып жатқан жағдайлар да жетерлік.

-Таулы жерде тұратын жұрттың тағдыры құтқарушылар қатты алаңдаулы. Өйткені, қазір селден төніп тұрған қауіп жоғары. Тек Алматының өзінде 36 тау көлі бар. Соның жартысынан көбінің жағдайы төтеншеліктердің өзін шошытып отыр.

Ал таудағы 5 көлдің су деңгейі тіптен басылар емес. Қазір мамандар оның бетін қайтаруға тырысып жатыр.

Дарын Мұқанов, Алматы қалалық ТЖД бас маманы:

— Бастапқы деңгейінен қазір 101 мың куб метрге дейін төмендеттік. Ол жерде мұздықтардан су келіп жатыр. Мұздықтардан су келген соң, астынан насоспен түсіріп жатыр.

Яғни мұздықтардың еруі жағдайды қиындата түсуде. Әрі көктемде шамадан тыс көп жауған жаңбыр да құтқарушыларды қорқытып қойған.

Серік Әубәкіров, Алматы қалалық ТЖД бастығы:

-Алматыда 1 тәуліктің ішінде жауынның айлық мөлшерден 2 есе көп жауғанын білесіздер. Мұның өзі бізді қосымша шара қолдануға мәжбүрлейді. Тау көлдерімен жұмысты әлі күшейтуіміз керек.

Бірақ мамандардың жұмысына кедергі көп. Мәселен, тасқынды зерттеуге арналған нұсқаулық тапшы. Бар болған күннің өзінде, тым ескі. Тіпті Қазақстан аумағының 4-тен бірінің сел қаупі жоғары аймаққа жатқанымен, оның ресми картасы болмаған. Ол енді ғана жасалып жатыр.

Тоқтарбек Баймолдаев, «Қазселденқорғау» ММ бастығы:

— Жерсеріктік түсірілімді дамыту керек. Ол қажетті аумақтың бәрін қамтымайды. Әрі дер кезінде қолымызға берілмейді. Мұндай түсірілімді аптасына емес, күнбе-күн алып отырсақ дейміз. Геокосмостық, геофизикалық зерттеулержағынан да қиындық бар.

Ғалымдар тасқынды алдын ала болжайтын жағдайға жетпеген. Мәселен, 2 жыл бұрын Алматыдағы Қарғалы өзенінде жүрген селді ешкім күтпепті. Қайта платина біраз лайды ұстап, шығын әлдеқайда аз болды дейді мамандар.

-Ал тау бар жерде сел де жүреді. Сондықтан қорғанысты күшейтіп, оны мұқият зерттеуден басқа шара жоқ. Тасқыннан қауіптенген төтеншеліктер Ақсай мен Аюсай шатқалына үлкен бөгет салуды жоспарлап отыр. Оны жобалаудың өзіне әкімдік 168 миллион теңге бөліп қойған. Сондай-ақ, Мыңжылқы платинасы да жөнделмек. Ал селдің аса қауіпті кезеңі қыркүйектің аяғына дейін созылмақ.

ktk.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда