Алматы ІІД жедел уәкілдері Алматыда екі бүлдіршіннің өмірін қыршынынан қиған 29 жасар Өзбекстан азаматы болған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды patrul.kz.
Ер адам өткен күндері іс-түссіз жоғалып кетті деп іздеу салынған балалардың анасымен бірге құрықталды.
«Бұл қылмыстың себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған процессуалдық және тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ер адам өз кінәсін мойындап отыр. Тергеу жұмыстары жан-жақты және толық болу үшін сотқа дейінгі шаралар аясында барлық сараптамалар мен басқа да зерттеулер тағайындалды»,- деп баяндады Алматы қ. ІІД Тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Рустам Абдрахманов.
Сонымен қатар полицейлер әйелдің үлкен ұлын да тапты. Баланың денсаулығын тексеру үшін ол ауруханаға жатқызылды.