jasqazaq.kz

Алматыда «спайсқа» мас жүргізуші ұсталды (видео)

20 шiлде 2017, 17:49

Жол-патрульдік полиция экипажы Шаляпин көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатып, Саиын көшесіне жеткен тұста Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көліктің жүргізушісін тоқтатқан. Тоқтатуға жүргізушінің қылықтары ссебеп болған.

Жұргізуші жәй сөзбен айтқанда өзін-өзі ұстай алмаған. Ол отырған орнында ирелеңдеп, орындыққа секіріп теріс қылықтар көрсеткен. Кей кездері ол есін жиып полицейлердің сұрақтарына жауап берген. Алайда оның әрекеттері салқынқандылық танытуға бой бермеді. Жүргізушінің алкогольдік ішімдіктен мұндай күйге түскені байқалмаған, соған қарағанда ол естен тандыратын есірткі заттарын пайдаланған. Өз сөзінде ол ешқандай естен тандыратын заттарды пайдаланбағанын және осыдан бірнеше күн бұрын таблеткалар қабылдағанын және бір апта бұрын анаша шеккенін мойындады. Ірі денелі ер адам медициналық тексеруден өтуге бірден келіскен. Алайда жүргізуші куәлігін, көлік құжаттарын құқық қорғау органдарына көрсетуге шамасы болмаған. Ол көліктен шығып кетуге талпынған, сол кезде полицейлер оны медициналық тексеруден өту мекемесіне жеткізуді шешкен. Қалалық наркологиялық орталыққа келгенде ер адам тынышталған. Дәрігерлер оның қан құрамынан естен тандыратын белгісіз затты (Амфетамин немесе бензодиазепиндер — психостимуляторлар: «легалка» спайс, JWH) тапқан. Полицейлер оның көлігін айып тұрағына алып кетіп, ал жүргізушіні Әуезов аудандық ІІБ бөліміне алып кеткен.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда