jasqazaq.kz

Алматыда әскери қызметшінің парашюті ашылмай, қаза тапқан

22 тамыз 2017, 17:01

Алматы гарнизоны әскери сотында келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскеридің өлімі үшін офицер сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

2017 жылы наурызда ұшақтан парашютпен секіру кезінде ефрейтор Ермек Өзбеков жазым болған болатын. Қызметінде салғырттық танытты деген айыппен оның командирі – аға лейтенант Біржан Қажиев сот алдына келді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізген органдардың айтуынша, командир әскери қызметшілер секіретін ұшақтың типін ескермеген.
Әскери қызметшілер алғаш парашютпен Ан-2 ұшағы немесе Ми-8, Ми-17 тікұшақтарынан секіруі тиіс. Бірақ бұрын-соңды парашютпен секіріп көрмеген Өзбеков C-295 ұшағынан секіретін десантшылар тізіміне енгізілген.

Сот анықтағандай, әскери бөлімшеде C-295 ұшағынан секіруге дайындайтын арнайы құрылғылар болмапты, ал секіруге ешқандай білімі, тәжірибесі мен біліктілігі жоқ тұлғалар жіберілген.
Секірген кезде ефрейтордың негізгі парашюті ашылмай қалады, тәжірибесі жоқ әскери қосалқы парашютін қолданбаған, сөйтіп қаза тапқан.

Әскери сот Біржан Қажиевты айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Ол сот залында қамауға алынған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда