jasqazaq.kz

Алматыда шіріп жатқан қарияға жедел жәрдем көмектеспей кетіп қалған

28 қыркүйек 2017, 11:43

Алматы қаласында көше кезіп жүрген қария тірідей шіріп жатыр. Оның жарақаттарында құрттар пайда болған. Көше орындығында қозғалыссыз жатқанына бір апта болған екен. Жанына барған адамдармен тілдесуден қашады, – деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап stan.kz сайты.

“Басым айналып, көше ортасында құлап қалдым. Кейін көше орындығына сүйретіліп жеттім. Өліп кеткім келеді!” – дейді ол. Сергей Кирпиченко есімді азамат оның мүшкіл қалын көріп, күнде гамбургер сатып алып беріп жүрген екен. Ал енді Александр Кабеевтың жағдайының нашарлағаны соншалық, сөйлеуден қалған. Айтуынша, құлдықтан қашып шыққан.

“Құлдықта болып, саусақтарын үсітіп алғанын айтқан болатын. Көліктегі адамдар келіп “Шал, ақша тапқың келе ме?” деп сұраған екен. Бұл “Иә” деп жауап берген. Содан әлгі көліктегілер мұны алып кеткен. Әдетте көшедегі иттерге де жанашырлық танытып жатамыз. Ал бұл адам ғой. Әйтеуір, ары-бері жүріп жатқан адамдар 5-10 теңгеден лақтырып кетеді. Ал студенттер оның үстінен күліп кетіп жатыр”, – дейді Сергей Кирпиченко.

Тұрғындар сан рет жедел жәрдем шақырса да, дәрігерлер кезбені алып кетуден бас тартқан екен. Себебі, өзімен бірге бірде-бір құжат жоқ. Бүгін жолы болып, дәрігерлер оған көмектесуге келісті. “Дәл қазір қан қысымы мен қанындағы қант мөлшері тұрақты. Жамбас бөлігінде ауыр жарақаты бар. Парапроктит секілді. Қазір оны 12 қалалық ауруханаға алып барып тексертеміз. Өзге әріптестеріміз оның жағдайын бақылайтын болады”, – дейді дәрігер Асхат Тансыков.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда