jasqazaq.kz

Алматыда сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

28 желтоқсан 2023, 15:36

2023 жылы Алматыда сегіз компания тұрғын үйлер мен ғимараттарды салу кезінде көптеген заң бұзушылыққа жол бергені үшін лицензиясынан айырылды. Алматы әкімдігінің мәлімдеуінше, биыл жүргізілген жоспардан тыс тексерулер аясында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы 1140 бұзушылықты анықтап, жол берілген бұзушылықтарды жоюға 634 ұйғарым берді.
«Сапасыз құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым, ал тиісінше бақыламағаны үшін 8 техникалық қадағалау ұйымы және 25 техникалық қадағалау сарапшысы аттестатты 6 ай мерзімге тоқтату түріндегі жауапқа тартылды»,- делінген Алматы қаласының әкімдігінің мәліметінде.
ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабы 2-бөлігі бойынша 8 компания құрылыс лицензиясынан айырылды:
«АРТЕМИДА ЛТД» ЖШС;
«ТриА Холдинг» ЖШС;
«Ремстрой» ЖШС;
«ABM Building» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
«Debo Stroy» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
«ЕДІЛ-СТРОЙ СЕРВИС» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
«Ақ Ордасы корпорациясы» ЖШС (лицензияның кіші түрі);
«DP ENGINEERING GROUP» ЖШС (лицензияның кіші түрі).

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?