Алматыда сатушы жігіт ыдыстарды арықтың суына жуды.
Жігіттің арықтағы суды қолданып жатқан видеосы инстаграм әлеуметтік желісіндегі zhest_kz паблигінде жарияланды.
Видеодан көрінгендей, ер адам ағып жатқан арықтың суына бірнеше ыдысты (пластик ыдыс, банка) жуады.
«Арбатта балмұздақ пен жүгері сатады. Бизнесмен, ыдысты арықтың суына жууда», — деп жазған екен видеоның авторы.
Ал әлеуметтік желіде пікір білдірушілердің пікірі екіге бөлініпті. Бірі саудагердің бұл әрекетін айыптаса, бірі арықтың суы таза екенін жазуда.
Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық тұрғын сатушының жеміс-жидекті шалшық суға жуған сәтін түсіріп алса, тағы бірде Астанада субұрқақтың суына қасық жуған сатушы туралы да видео жарияланған еді.
Сонымен қатар, санитарлық нормаларды сақтамай қамырды кір қолымен илеген әйел жұмыстан қуылған болатын.