Алматының орталық көшелерінің бірінде полицейлер түгелдей қарңғыланған қымбат көлікті ұстады, деп хабарлайды Patrul.kz.
26 тамыз күні ІІД патрульдік қызметі Достық даңғылының бойынан терезелері түгелдей қараңғыланған Mercedes Geländewagen автокөлігін байқап, оны тоқтатады. Машинаның ішінде оққағар-жүргізуші мен оның басшысы болды. Тәртіп сақшылары жол талғамайтын көліктің алдыңғы және екі жағындағы пленкаларын жыртып алып тастады. Ал көлік иелерінің өтініші полицейлердің жұмысын тоқтата алмады. Барлық азамат заң алдында тең екенін ескере отырып, аалған құқықбұзушылық үшін көлік егесіне 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Егер аталған жағдай екінші рет қайталанған жағдайда, Мерседес егесінің жүргізуші куәлігі алынып, 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады.