Алматыдағы Тәтібеков көшесіндегі қойма ғимараттары өртеніп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт туралы 2017 жылдың 3 тамызында сағат 12.28-де белгілі болды. Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне Медеу ауданы Тәтібеков көшесі, 10-үйдегі қоймалардың өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. «Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минутта соң — сағат 12.33-те келді. Өрт сөндіріліп жатыр», — деп хабарлады Сандуғаш Баймұхамбетова.