jasqazaq.kz

Алматыда мектеп түлегі із-түссіз жоғалып кетті

07 тамыз 2017, 11:59

Алматыда 18 жастағы мектеп түлегі Назерке Әріп із-түссіз жоғалып кетті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Қыз медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған. Оның жақын құрбысы Томирис Аманжолдың айтуынша, талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назаркенің өзі Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады. «Сол күні ол үйінен 16.00-де кетіп, оралмады. Соңғы рет оны «Достық Плаза» сауда және сауық орталығының маңында көргендер бар. Ол ағылшын тілінен курсқа баруы керек еді. Келесі күні оның телефоны қайда екені анықталды. Соңғы геолокациясы Жангелдин мен Құлжа тасжолының аралығын көрсетті. Ол бір қызбен кафеде отырған. Администраторы сол жерде отырып, жылағанын айтты. Кафеден шыққаннан кейін оны ешкім көрмеген», — деді құрбысы. Назерке Әріп Оның айтуынша, Назерке Әріп биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10 шілдеде жоғалғанын айтты.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда