jasqazaq.kz

Алматыда лай көшкіні: құтқару жұмыстары жүріп жатыр (Видео)

08 ақпан 2024, 9:40

Бүгін түнгі сағат 02.20-да Медеу ауданында Тау-Самал шағын ауданында лай көшкіні болды.

Алматы ТЖД таратқан ақпарат бойынша, Медеу ауданындағы лай көшкіні салдарынан екі жеке тұрғын үй, олардың бірі жартылай зақымданды. Зардап шеккен үйде төрт адам болған, екеуі бала. Оқиға орнында «Қазсселденқорғау» ММ, Алматы қаласы «109 құтқару қызметі» Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қ. ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 техника жұмыс істеп жатыр.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары №47 орта мектепте эвакуацияланды. Тұрғындар өз еріктерімен туыстарының үйіне кетті.

Медициналық топ кезекшілікте, зардап шеккендерді іздеу жалғасуда.

Алматы әкімі Ерболат Досаев оқиға орнына келіп, лай көшкініне байланысты көшпелі кеңес өткізді.
«Басты басымдық — іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет», — деді Ерболат Досаев.
Әкімнің тапсырмасымен болған оқиғаның себептерін тексеру және  лай  көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.
Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

JQ-Aqparat

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?