jasqazaq.kz

Алматыда көмір бағасы алып-сатарлардың кесірінен қымбаттап отыр

14 желтоқсан 2017, 17:48

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мегаполис базалары 90%-ға көмірмен қамтамасыз етілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Алматы қаласындағы көмір сақтайтын 9 база 90%-ға көмірмен қамтамасыз етілген. «»Алматы қаласындағы көмір сақтайтын 9 базадағы көмір қаланы 90 пайыз көмірмен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, 1,5 мың тонна көмір Алматы қаласына ағымдағы жылдың 18 желтоқсанына дейін жеткізіледі», делінген хабарламада. Қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, қалаға аптасына 2 рет тұрақты түрде шамамен 3 мың тонна көмір жеткізіледі. Бұл Алматы қаласында орналасқан 17 мыңға жуық газ жүргізілмеген үйлердің қажеттілігін жабады. Қалалық әкімдік көмір бағасы алып-сатарлардың кесірінен тұтынушыға жеткенге дейін өзгеретінін жеткізді. «Сапасына байланысты көмірдің бір тоннасының бағасы 12,5 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін өзгеріп отырады. Бұдан басқа, көмірдің бағасының өзгеруіне делдалдардың да бағасы әсер етеді. Қалалық қорлардағы көмірді негізінен, Алматы облысының ауылдарына сататын алып-сатарлар сатып алады», — делінген ведомство мәліметінде.

 

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды