jasqazaq.kz

Алматыда қызға таласқан жігіттер пышақтасып, 17 жастағы бозбала көз жұмды

20 шiлде 2024, 10:48

Алматыда қызға таласқан жас жігіттер пышақтасып, 17 жастағы бозбала ажал құшты. Оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіні полицейлер көп ұзамай құрықтаған. Ал достарымен бірге Тик-Ток желісі арқылы табыс табумен айналысқан марқұмды жақындары туған жері Таразда жерледі. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Томирис ықшамауданындағы үйді ұлы мен қызы аралас бір топ жасөспірім жалдап тұрған. Көрші-қолаң сейсенбіде таңғы алты шамасында солардың айқай-шуынан оянған. Мұнда оларды іздеп ересек жігіттер келген екен. Жігіттердің дәл сол жерде басталған әңгімесі көп ұзамай төбелеске ұласқан. Артынша 21 жастағы ер бала өзінен төрт жас кіші жігітті пышақтап, жасөспірім оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Ырысты Қалжан, көршісі: — Бір бала дарбазаны ұрып, айқайлап жылап жатты. Қолы қан-қан, былай қарай жүгіріп кеткен. Екі жедел тобы келді. Бірден жедел жәрдем де жетті. Ана баланы жылдам алып кетті.

Содан кейін бұл маңай тынышталып қалған. Жасөспірімдер жалдап тұрған үй қазір бос тұр. Ал қанды қылмысқа жігіттің қызғанышы себеп болған көрінеді. — Ересектері болды, бұлардың.

«Төбелес не үшін болды» деп сұрадым. «Қыз үшін болды, ана қыз полицияның машинасында отыр» деді.

Куәгерлердің айтуынша, марқұмды пышақтаған соң, күдікті көлікке мініп қашып, полицейлер оны алысқа ұзатпай ұстаған. Қазір қолы қанға боялған жігіт тергеу изоляторында отыр. Ал 17 жастағы Әлібекке сұғылған пышақ тәркіленген.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі: — Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Көршілерінің айтуынша, ұл-қыздардың мұнда көшіп келгеніне бір айдай ғана болған. Олардың бәрі Тик-Ток желісі арқылы табыс табумен айналысқан көрінеді. Марқұмды жақындары өзінің туған жері Тараз қаласында жерледі. Ал күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КТК телеарнасы (@ktktvkz)


JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?