jasqazaq.kz

Алматыда қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды (Видео)

24 ақпан, 15:22

Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасаған жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушісінің жолдың жүріс бөлігінде дрифт элементтерін орындап, өзге де қауіпті маневрлер жасаған бейнежазбасын анықтады. Аталған әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, авариялық жағдай туындату және жол қозғалысы ережелерінің өзге де талаптарын бұзу деректері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Алматы қалалық полиция департаментінің өкілі Серік Шумаев атап өткендей, мұндай жауапсыз әрі қауіпті әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді. — Мұндай құқық бұзушылықтарға полиция тарапынан әрдайым принципті құқықтық баға беріледі. Бейнежазбаның әлеуметтік желілерде жариялануына немесе бейнебақылау камералары арқылы тіркелуіне қарамастан, әрбір дерек бойынша тиісті шаралар қабылданады. Азаматтардың қауіпсіздігі мен жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету – басты міндетіміз, – деді ол. Полиция агрессивті әрі демонстративті көлік жүргізудің ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка