Алматыда көлік ұрлаушылар қолға түсті. Бір қызығы, заңбұзушылардың көзіне түскені тек «Нива» маркалы автомобильдер.
Жергілікті ішкі істер департаментінің берген мәліметіне сәйкес, темір тұлпарлар ұрлығымен қазақстандық үш ер адам айналысқан. Күдіктілер арнайы тапсырыс бойынша әрекет еткенге ұқсайды. Көліктің нөмірін ауыстырып, қайта саудалаған. Көбінесе Алматы мен Алматы облысындағы көліктер қолды болған. Қазіргі уақытта қылмыстық топ мүшелері тұтқындалып, ұрланған жылжымалы мүлік заңды иелеріне қайтарылды.