jasqazaq.kz

Алматыда күйеулерінен қорлық көретін әйелдерге арналған баспана ашылды

21 тамыз 2017, 12:57

Алматыда тұрмыстың тауқыметін тартып, күйеулерінен қорлық көрген әйелдер азаймай отыр. Жуырда ғана ашылған «араша» әйелдер үйінде қазір 20 келіншек тұрып жатыр.

Одан бөлек, күндіз келіп, мамандардан кеңес алатындары да бар. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көмегімен қорғансыздар үйі осыдан бір ай бұрын ашылған еді, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Орталықта жапа шегіп, таяқ жеген әйелдерге психологиялық, медициналық, құқықтық, педагогикалық сынды барлығы сегіз түрлі бағытта көмек көрсетіледі. Тұрмыстан тарығып, баз кешкендер бұл үйде 6 айдан 9 айға дейін тұра алады. Тамақ, киім-кешек сынды қажетті заттармен тегін қамтамасыз етіледі.

«Әйелдерге киім-кешектен бөлек, балаларына ойыншық, памперстер тегін беріледі. Тамақпен де қамтамасыз етеміз. Тек асты өздері кезекпен дайындайды. Күйеулері немесе солардың туыстарынан қысым көргендермен жұмыс істеу оңай емес. Көбі тұйықтау, ашылып сөйлеспейді», – деді тұрмыстық зорлық-зомбылық жәбірленушілеріне арналған «arasha» баспанасының қызметкері Айдана Жарменова.

Өткен жылы отбасында болған қылмыс көрсеткіші алдыңғы жылмен салыстырғанда 90 пайызға артқан. Нәтижесінде 36 әйел мен бір бала қайтыс болған. Екі жарым мыңға жуық әйел зорлық көріп, 742-сі өзіне қол салған екен.

stan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда