jasqazaq.kz

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері қарумен ұсталды (видео)

17 тамыз 2017, 12:30

Полицейлер ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес бойынша екі күндік арнайы операцияның қорытындысын жасады.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің хабарына қарағанда, екі күнде Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының жедел уәкілдері арнайы қызметтегі сарбаздардың қатысуымен ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады. «Қарасай ауданында 30 жастағы ер адам ұсталды, ол алаяқтық жолмен алматылықтың 3 миллион теңге алып қойған деген күдікпен ұсталды. Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйдібек ауылында 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, одан травмат қаруы тәркіленді. Ұсталған екі адам да ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген. Сонымен қатар, Есікте жедел шара барысында ұсталған 22 жастағы жігіттер «Стриммер» тапаншасы түріндегі травмат қаруы тәркіленді», — деп хабарлады ведомстводағылар. Полициядағылардың айтуынша, олардың екеуі қазіргі уақытта қамауға алынған. «Жыл басынан бері өңір полициясы заңсыз сақталған 89 дана қару тәркіленді, олардың 6-уы травмат, 5 газ және 70-тен асасы тегіс ұңғылы қару және басқа түрдегі қарулар», — деп нақтылады полицейлер.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда