jasqazaq.kz

Алматыда ит-мысық кіре алмайтын қоқыс контейнерлері орнатылады

23 мамыр 2024, 12:20

Алматы әкімдігі қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару үшін инфрақұрылымды сапалы жаңғырту жұмыстарын жалғастырып жатыр. 2024-2025 жылдары Алматыда қатты тұрмыс қалдықтарын жинауға арналған 2905 тереңдетілген контейнер орнатылады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде: «2012 жылдан бері орнатылған барлық контейнерлерді біз реконструкциялаймыз. Сонымен қатар, 516 жаңа тереңдетілген контейнер алаңы салынады, олардың жартысы осы жылдың соңына дейін пайда болады. Өздеріңіз білесіздер, агрессивті ортаның әсерінен қоқыс жәшіктерінің металы тез ескіреді. 2025 жылдың соңына дейін барлық тозған контейнерлерді түгел ауыстырамыз», — деді.

Мегаполисте тереңдетілген қоқыс контейнерлерін орнату жұмыстары былтыр  басталған. Олар бұрығыдай ашық-шашық емес, герметикалық болғандықтан ит-мысық та, құс та ішіне кіре алмайды. Оған қоса, мұндай жабық контейнерден  жағымсыз иіс тарамайды.

«Халықаралық тәжірибеге сәйкес, біз қапшықты контейнерлер орнатуды жоспарлап отырмыз. Қызмет көрсету тұрғысынан қоқыс контейнерлерін жуу, санитарлық тазартуда шүберектен жасалған қапшықты контейнерлер әлдеқайда тиімді. Сонымен қатар, биыл біз 1800 еуроконтейнерді ауыстырамыз», — деді Алматы әкімі.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі 

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?