Алматыда автобустың тежегіші істен шыққан. Салдарынан 5 машина қирады. ГАЗель мен екі автобус бүлінді, — деп хабарлайды «СТВ» телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасының тілшісі.
Оқиға Алтынсарин көшесінің бойында Ұлықбек пен Қуанышбаев көшелерінің аралығында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 124-ші бағыттағы автобус Алтынсарин көшесімен солтүстіккке қарай бет алған. Оның тежегіші істен шыққан. Бірінші болып ол BMW көлігін соғп, оны тұрақта тұрған машиналарға ұшырып жібереді. BMW 63-ші бағыттағы автобусты соғады. Оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеді, сондай-ақ, өрт шығады деген қауіп болып, өрт сөндіру қызметі де шақыртылды. Жалпы жол апатынан 8 көлік зардап шекті. 4 адам зардап шекті — Үшеуі BMW көлігінде болған, біреуі 124-ші автобустың жолаушысы. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.