jasqazaq.kz

Алматыда «iPhone» көшірмесін қолдан жасаған (видео)

25 қыркүйек 2017, 22:05

Алматыда «iPhone» маркалы жалған смартфондар жасап келген цех жұмысы әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері «Аэровокзал» сауда орталығы аумағынан «iPhone» маркалы телефондар құрастырып, қаттап жатқан топтың қызметін әшкереледі. Жедел-іздестіру шарасы аясында заңсыз тауарды Қазақстанның өзге аймақтарынан келген жеке тұлғаларға, сондай-ақ Алматыдағы Орталық универсал дүкеніне (ЦУМ — авт.) өткізіп келген саудагерлер ұсталды. Анықтау барысында 30 дана «iPhone» телефоны тәркіленді. Сарапшылардың айтуынша, Алматыда құрастырылған заңсыз телефонды түпнұсқадан ажырату өте қиын. Себебі, смартфонды құрастыру барысында жедел жады мен «орталық процессердің» түпнұсқасы қолданылған. Алайда, гаджеттің өзге бөлшектері жалған әрі арзан бұйымдардан тұрады. Іс бойынша, ҚР ҚК 222-бабымен (тауар белгісін заңсыз пайдалану) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін іс сотқа жолданады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда