jasqazaq.kz

Алматыда интернет-алаяқтықтың саны азайды (Видео)

29 желтоқсан 2023, 17:20

Алматыда интернет-алаяқтықтың саны азайды, деп хабарлайды Polisia.kz. Статистика көрсеткендей, Алматыда интернет-алаяқтық азайды: азаматтар қырағы, сақ және ең танымал ақша ұрлау тізбектерінен хабардар. Алматы полициясы профилактикаға үлкен мән береді. Әрбір адам өзінің жеке деректерінің ақпараттық қауіпсіздігін білуі және оны құрметтеуі маңызды. Қалада алаяқтардың қалай әрекет ететіні туралы ақпараттық парақшалар мен анимациялық роликтердің бірнеше нұсқасы әзірленді. Бұл, қоғамды қаскүнемдерден қорғаудың және интернеттегі алаяқтардың алдын алудың тиімді жолы. Полицейлерден пайдалы кеңес: күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, банк картасының деректемелерін енгізбеңіз немесе ешкіммен бөліспеңіз, тауарға алдын ала ақша салмаңыз, интернеттегі күмәнді конкурстарға қатыспаңыз, өз ақшаңызды кез келген жерге салмаңыз. Ал егер сізге полициядан, банктен немесе фирмадан қоңырау шалып, ұялы телефоныңызға жіберілген кіру кодтарын беруді талап етсе, телефон тұтқасын қойыңыз.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?