jasqazaq.kz

Алматыда «фигурасын» бұзғысы келмейтін келіншек күйеуіне тоқал іздеп жүр

26 шiлде 2017, 15:36

Алматыдағы «Отбасы» саябағында «Күйеуіме тоқал іздеймін» деген жазба көтерген келіншек жүрді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ұзын бойлы, қыпша белді бойжеткеннің әрекетіне саябақта демалушылардың бірі-шошып, енді бірі – күліп қараса, жасы келген қариялар келіншекке ренжулі болды.

«Мен бала туып, фигурамды бұзғым келмейді. Күйеуімнің жасы 35-те, жағдайымыз бар. Тоқал болатын қызды жеке пәтерге орналастырамыз, еш қиындық көрмейді. Жасы 25 пен 35 арасындағы әйелдер керек. Тек бала туып берсе болды», — деп ол өзінің талабын айтты.

Бойжеткен мұнысымен қоймай, өткен-кеткен еркектерден «Тоқал аласыз ба? Қандай қыздар ұнайды?» деп сұраумен болды.

Артынша келіншектің бұл әрекеті өтірік болып шықты. Отандық телеарнада әйел тақырыбында түсіріліп жатқан бағдарлама аясында жасалған шоу екенін алыстан бақылаушылардың бірі айтып берді.

Бойжеткеннің сөзінше тоқал іздеген оны көпшілік жақтырмапты. Апалар келіп осы қылығы үшін ұрсып бергенін де жасырмады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда