jasqazaq.kz

Алматыда ер адам дәрігерлерді пышақ ұстап қуған (Видео)

Бүгін, 11:28

Әлеуметтік желіде таралған ақпарат бойынша Алматыда ер адам дәрігерлерді пәтерге қамап, қорқытқан, кейіннен әрең қашып шыққаннан кейін, күдікті оларды пышақпен қуған.

Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Жетісу ауданының Полиция басқармасымен Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алматы Полиция департаменті анықтағандай, жедел медициналық көмек бригадасы шақырту бойынша науқасқа келген. Алайда сол жерде болған оның ұлы мас күйде болып, өзін агрессивті ұстаған. Қорқытып, айналадағыларға қауіп төндіретін заттарды көрсеткен. Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылған.

Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаны жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 

 

View this post on Instagram

 

A post shared by JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Бүгін, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр
27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады