Алматыда екі автобус ірі жол апатына ұшырады. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы Тобаяқов көшесінде болған.
«Тобаяқовпен шығыс бағытта Сейфуллин көшесінен бастап кептеліс. Екі автобус жолға таласып қалған. Ірі жол апаты болды», — деп хабарлады оқиға орнынан куәгер. Instagram желісінде жарияланған видеолардың бірінде №17 бағыттағы автобус жол апатына ұшыраған. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.