
Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді.
Соттың санкциясымен Орталықтың басшысы қамауға алынды.
JQ-Aqparat
Сурет: Аntikor бейнежазбасынан