jasqazaq.kz

Алматыда Д.Баландин атындағы бассейн ашылды

02 қыркүйек 2016, 1:39

20160901212601

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Мәңгілік ел» атты түлектер және студенттер аркасы ашылды. Қаланың 1 000 жылдығы мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шарада Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин атындағы бассейн ашылды.

Салтанатты шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Олжас Сүлейменов, олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, меценат-бизнесмендер, қоғам қайраткерлері, қала және аудандық әкімдік өкілдері, университет түлектері мен студенттері қатысты.

Арка ҚазҰУ қалашығының кіреберісінде орналасқан.

«Студенттер мен түлектердің триумфальды аркасы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына арналған, ол қаланың белгілі нысандарының біріне, білім рәмізіне айналады. Қазір Алматының спортқа қатысты тіршілігі Универсиадаға әзірлік пен оны өткізу шараларымен тығыз байланысты. Бұл шара да мың жылдық қаланың жарқын оқиғасына айналады деп сенемін, жүзу бассейнін ашу студенттік спорттың дамуына жаңаша серпін береді», — деп атап өтті қала басшысы.

Мерекелік шара -жүзуден тұңғыш Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин атындағы 25 метрлік бассейнді ашумен жалғасты.

Дмитрий жаңа нысанды ашуға қатысты ойын білдірді.

«Мен ҚазҰУ-ға оқуға түскенде мынандай әсемдік болған емес. Арканың ашылуы — маңызды оқиға. Осы шараға мені шақырғанына риза болдым, осындай құрмет көрсетілгені үшін алғыс айтамын. Менің атым берілген бассейн боладлы деп ешқашан ойлаған емеспін», — дейді чемпион.

ҚазАқпарат

25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық