jasqazaq.kz

Алматыда бір топ жігіт түн ішінде полицейлерге тап берді (видео)

07 тамыз 2017, 17:13

Өткен демалыс күндері бір топ мас жігіт полиция қызметкерлеріне тап беріп, олардың бірінің басын жарды деп хабарлайды patrul.kz басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Таугүл шағын ауданының тұрғындары полиция қызметкерлерін таңғы сағат 04:00-де шақырады.

Оқиға орнына жетіп келген Әуезов аудандық АІДБ жол-патрульдік полиция полкі елді шулатқан жастарға ескертпе жасаған.

Осы уақытта ішімдікке тойып алған алматылық жастар арасында төбелес орын алады. Бұл қақтығысқа барлығы 20 адам қатысқан.

Екі полиция қызметкері жәрдем сұрап, төбелеске түскен жастардың арасына түскен.

Салдарынан полиция қызметкерінің бірі ауыр жарақат алды. Төбелеске түскендердің бірі үстелден ауыр затты ала сала, полицейдің басынан ұрған.

Алған жарақатына қарамастан тәртіп сақшысы өз әріптестерімен бірге жаппай төбелестің алдын алды.

Төбелестің орын алуына себепкер болған 9 адам қамауға алынып, Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда