Алматының Брусиловский көшесінде арнайы операция жүргізіліп, нәтижесінде төрт адам ұсталды деп хабарлайды қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ұсталған төрт адамның барлығы бұрын сотталған Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Күдіктілердің барлығы тонаушылықты кәсіп еткен.
Полиция қызметкерлері қаскөйлерді қылмыс үстінде ұстауды шешкен. Олар үйреншікті ісін жасап болған соң бірден қолға түсті.
ІІД-нің хабарлауынша, олардың қашып кету жайлы ойлағаны жүзеге аспай қалды. Қазіргі таңда тәртіп сақышлардың күдіктілердің жеке-басын және басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына анықтап жатыр.