jasqazaq.kz

Алматыда арнайы операция барысында полиция полковнигі ұсталды

30 мамыр 2017, 20:01

ҰҚК-мен ІІМ бірлесіп арнайы операция жүргізіп нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері мен белсенді мүшелері және полиция полковнигі ұсталды деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, 2017 жылғы 29 мамырдан 30 мамырға қараған түні Алматы қаласында кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты қорқытып алумен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ҚХР-дан контрабанда арналарын ұйымдастырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық (бұдан әрі – ҰҚҚ) әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция бастады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық қоғамдастықтың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды, олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынды.

Сонымен қатар, көрсетілген ҰҚҚ жетекшілерімен байланысы бар Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы бастығы полиция полковнигі Б.Қасабеков ұсталды.

Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда