jasqazaq.kz

Алматыда қалталы шетелдіктерге қызмет көрсететін жезөкшелер ұсталды (видео)

02 тамыз 2017, 10:09

Алматы полицейлері элиталы жезөкшелер үйін ұстап отырғандарды қолға түсіру бойынша арнайы операция жүргізді. Шара барысында ауқатты шетел азаматтарына қызмет көрсететін 42 бойжеткен ұсталды деп хабарлайды Patrul.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «GC» деп аталатын караоке-клубтың қожайындарын ұстау шарасын жүзеге асырды. Бұл клубтың қызметі тек қана шетел азаматтары үшін жабық режимде жүзеге асырылып отырған. Мұнда клиенттерге интимді қызметтер көрсетіліпті.

Рейд кезінде интимді қызмет көрсететін 42 бойжеткен ұсталған. Сонымен бірге клубқа келушілер де құрықталды. Олар көбінесе шетел азаматтары, сонымен бірге бұл қылмысты жасады деп күдікке ілінген жалға алушылар», — дейді Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Айдын Кокамбеков.

Қыздардың қызметін қолданатындардың көбісі қытайлықтар, жапондықтар және кәрістер болып шықты.

Бұл көңіл көтеру орталығын әйелі мен күйеуі ұстап отыр. Цой әулетінің отағасы қожайын болса, оның жұбайы бұл жерді басқарып отыр.

Мекеме тек қана ауқаттыларға арналған. Себебі мұндағы элиталы алкоголь өнімдерінің ең арзаны 70 мың теңге тұрады.

Сондықтан клуб қонақтары тек қана шетелдіктер.

Ұйымдастырушылар «Жеңгетайлық» бабы бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Қылмыстық іс қозғалған.

https://youtu.be/A5TmtDMwsGo

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда