Алматыда әлеуметтік осал топтағыларға коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуі өтеледі

15 сәуiр, 13:20

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың санаттары үшін өтемақы төлемі 0,8 АЕК-ке (айлық есептік көрсеткіш) дейін ұлғайтылды, яғни 2 954 теңге. Бұл туралы Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәслихаттың кезектен тыс XVI сессиясы барысында депутаттардың сұрақтарына жауап берген кезде айтты.

Қазір Алматыда ХӘОТ санатындағы 315 430 азамат тұрады. Оларға әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтердің өзгеруіне байланысты шығыстарды өтеу үшін 2024 жылғы 1 мамырдан бастап оларға 0,05 АЕК (184,6 теңге) мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек төленетін болады.

«Наурыз айында электр энергиясына баға өскен кезде біз қолданыстағы өтемақы шарасын 0,6 АЕК-тен 0,75 АЕК-ке дейін арттыру туралы бастама көтердік, сондай-ақ ҚТҚ-ға тарифтің өзгеруін болжай отырып, қосымша 0,8 АЕК-ке дейін арттыруды кепілге қойдық. Халықтың әлеуметтік осал топтары 1 мамырдан бастап 0,8 АЕК алатын болады. Қазірдің өзінде толық өтемақы», — деді Бауыржан Жаубасов.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың шілдесінен бастап Алматы әкімдігінің бастамасымен қалада азаматтардың 8 осал санаты үшін өтемақы төлемдері есебінен ТКШ қызметтерінің қымбаттауының салдарын теңестіруге бағытталған жоба іске қосылды.
Мәселен, ХӘОТ санатындағы азаматтарға 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 0,5 АЕК мөлшерінде және 2023 жылғы 1 қарашадан бастап электр энергиясына 0,6 АЕК көлемінде сумен жабдықтауға өтемақы төленуде.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды