jasqazaq.kz

Алматыда алаяқтар үш ай бойы жалған доллар ақшаларды теңгеге айырбастап келген

28 тамыз 2017, 13:41

Алматының екі тұрғыны ұзақ уақыт бойы жалған долларды ақша айырбастау пункттерінде теңгеге айырбастап келген.

Ер адамдар мұндай алаяқтығын үш ай бойы жүзеге асырған. «2017 жылдың сәуірінде 9700 көлеміндегі жалған долларды теңгеге айырбастағаны үшін Д. және И. есімді азаматтар ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 231-бабының 3-бөлігінің 2-пункті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іспен Алматы қаласы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі айналысып жатыр», — делінген Медеу ауданы прокуратурасының хабарламасында.

Іс материалы бойынша, жалған долларларды теңгеге айырбастап, ол ақшаға телефон сатып алған ер адамдар оны қайта сатып отырған. «Жалған купюралар сапалы жасалғандықтан шын ақшадан ажырату қиын болған. Осыны пайдаланған ер адамдар бұл кәсіппен үш айдай уақыт айналысқан», — деп атап өтті прокуратура өкілдері. Басты сот отырысында күдіктілер кінәсін толық мойындаған. Медеу ауданының №2 аудандық сотында 2017 жылдың 25 тамыздағы үкімімен алаяқтардың мүлкі тәркіленіп, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Қазір бұл қылмысқа өзге тұлғалардың қатысы анықталып жатыр.

Tengrinews.kz

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті