jasqazaq.kz

Алматыда 50 бөлмесі бар сарай үй сатылып жатыр

29 маусым 2017, 11:52

Алматыда 50 бөлмесі бар, ауданы 3 мың шаршы метрден асатын, 280 сотық жер телімі бар сарай үй сатылып жатыр.

Зәулім үй Медеу ауданындағы «Юбилейный» ықшамауданында орналасқан. Хабарландыруға сенсек, екі қабатты үй кірпіштен салынған. Барлық жағдайы жасалған. Территориясы қоршалған. Үйге мегаполистің басты даңғылдарының бірі Достықтан кіруге болады. Ғимарат барокко, постмодернизм және кей жерінде шығыстық мәнердегі элементтермен салынған. Ал ауласында бірнеше мүсін бар екен. Үйді иесі 2,2 миллион теңгеге (6,8 миллион доллар) сатып отыр. Басылым тілшісі оның елден кетпек болғандықтан үйді сатқысы келгенін анықтапты. Алайда нақты қай елге көшкісі келгені белгісіз. Бір қызығы, хабарландыру авторының сөзінше, үй 2000-жылдары салынған, бірақ бүгінге дейін үйде ешкім тұрмаған. Сатып алған адам үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шығындалады.

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда