
Өрт сөндірушілер Алматыда «Жібек жолы» базарының аумағындағы автокөліктерге қызмет көрсету орталығындағы өртті сөндірді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер 250 шаршы метр аумаққа таралған өртті сөндірді. Өрттің салдарынан 3 жеңіл автомобиль өрттеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады ТЖМ.
JQ-Aqparat