jasqazaq.kz

Алматыда 23 жастағы жас жігіт жоғалып кетті

05 шiлде 2017, 12:56

Алматыда 23 жастағы жас жігіт із-түзсіз жоғалып кетті. Әлішер Нұрмұхамбетовті жақындары 16 маусымнан бері таппай отыр.

Ұялы телефоны өшірулі. Жігіттің әпкесі Нұрмұхамбетова Макираның айтуынша, інісі Достық көшесі бойындағы мейрамханалардың бірінде жұмыс істеген. Нұрмұхамбетовтер отбасы Талдықорғанда тұрады. Ата-анасының жалғыз ұлы Әлішер Алматыға бірнеше жыл бұрын жұмыс істеуге келген. Әке-шешесі ересек баласының өміріне өте көп араласпайды екен. «Соңғы рет әріптестері оны 16 маусымда көрген. Жалақысын алып кеткен. Содан оны ешкім көрмеді. Алматыда ол туысқандарымызбен тұратын. Олар да 20-маусымнан бастап дабыл қағып жатыр», — деді әпкесі Макира. Оның айтуынша, Әлішердің ешқандай жаман әдеті жоқ. Достарының бәрі жаман әдеттен аулақ жандар. Нұрмұхамбетовтер отбасы ертең баласының жоғалғаны туралы полицияға хабарласуға Алматыға жол тартпақ. Олар баласының аман-есен табыларына үмітті.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда