jasqazaq.kz

Алматыда 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады

25 қантар 2018, 15:28

Алматыда ұзақ уақыттан бері алғаш рет 1-9 сыныптардың оқушылары үшін сабақтар тоқтатылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласының Білім басқармасына сілтеме жасап.

«2018 жылдың 26 қаңтарында ауа температурасының 25 градустан төмен болуы салдарынан Алматы қаласы мектептерінде мектепке дейінгі және 1-9 сыныптарда сабақтар тоқтатылады», — деп хабарлады Білім басқармасындағылар. Осыған дейін Қазақстанда 45 градусқа дейін аяз болатыны хабарланған еді. Синоптиктердің мәліметінше, 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40 градус, 24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45 градус, күндіз -27-32 градус, кей жерлерде -35 градус аяз болады. 22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38 градус, күндіз -20-25 градус күтіледі. Астанада 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз түнде -35-40 градус, күндіз -27-32 градус аяз болуы мүмкін.

Бүгін, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
Бүгін, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан
10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды