jasqazaq.kz

Алматы зообағында жыртқыш құстар отырған торға ағаш құлады

30 мамыр 2017, 17:47

Қатты жел соғып, Алматы зообағы аумағындағы ағаштарды құлатты. Олардың бірі аңдардың торына құлаған, деп хабарлады мекеме директоры Ержан Еркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Қатты желдің салдарынан бірнеше ағаш құлады. Біреуі жыртқыш құстар отырған торға құлаған. Әйтеуір, зардап шеккендер жоқ, ең бастысы сол. Таңертеңнен бүкіл ұжым, зообақ әкімшілігі дауылдың салдарын жойып, үйінділерді тазартуға шықты. Ауа райы осылай күрт өзгеретін болса, мұның соңғы жайт болмасы анық. Зообақтағы ағаштар ескі, сол себепті апта сайын жаңасын отырғызамыз», — деп жазады Еркінбаев.
Бұдан бұрын Алматыда қатты жел соғып, екі автокөлікке ағаш құлаған болатын.

Ал Таразда дүйсенбі күні қатты дауыл соғып, үш адам қаза тапқан: екі құрылысшы салынып жатқан конструкциядан құлап кетсе, сегізінші сынып оқушысына жел ұшырған электр желісі тиген екен. Тағы үш адам ауруханада жатыр. Мәскеуде соққан қатты жел 14 адамның өмірін қиды.

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда