jasqazaq.kz

Алматыдағы университетте пәк студент қыздардың тізімі тарап кетті. Саясат Нұрбек не деді?

14 ақпан 2024, 12:25

Алматыдағы ЖОО-дың бірінде студент қыздардың жариялауға жатпайтын жеке деректері тарап кетті.

Qumash Телеграм-каналы жазғандай, әлдекім 190 адам тіркелген старосталардың WhatsApp-тобына студент қыздардың 4 құжатын салып жіберген. Оның ішінде аты-жөні, ЖСН, ұялы телефон номері мен медициналық деректерін айтпағанда, кімнің вирго (қазақша айтқанда, пәк) екендігі туралы мәлімет те бар көрінеді.


Qumash Телеграм-каналы

Бұл мәселеден ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің хабары бар болып шықты. Ол кінәлілерді анықтаған соң, заң аясында жауапқа тартылатынын мәлімдеді. Өйткені елімізде жеке деректерді қорғау туралы заң бар. Бірақ министрдің айтуынша, бұған қатысты әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?