Алматы түбінде ұшақ құлады. Ұшақ Азаматтық авиация академиясына тиесілі екен.
Курсант пен инструктор қаза тапқан. Азаматтық авиация Комитеті өкілдерінің мәліметінше, бүгін сағат 09.53-те «Технам 2002» әуе кемесі Азем аэродромынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындағаннан кейін құлаған. Қазіргі уақытта ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Көлік апаттарын тергеу департаменті тергеуді бастады.