Алматы орталығындағы көшелердің бірінде жүк көлігі өртенді.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Розыбакиев көшесінің бойында Абай даңғылына жетер тұста болған. Оқиға орнында түсірілген суреттер мен видеоға қарағанда, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем дер кезінде жеткен. Зардап шеккендер туралы әзірше мәлімет жоқ.